Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тәуелсіздіктен қымбат ештеңе жоқ

0 733

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Анаға тағзым» орталығында «Тәуелсіздікке тәубе» атты акция өтті. Мәдени шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев қатысып, сәулеті келіскен орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.

Акцияға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастап, қала әкімі Ержан Жылқыбаев, зиялы қауым өкілдері, облыстық, қалалық ардагерлер кеңесі, аналар кеңесі, этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары, мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, іскер әйелдер қауымдастығы, жастар мен қала тұрғындары қатысты.  

«Анаға тағзым» орталығы алаңында тақырыпқа сайбанер орналастырылып,  ұлттық аспаптар мен «Асыл аналар» ансамблінің және мәдениет үйінің шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Сондай-ақ ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына үндестіріліп  30 метр үстелге бауырсақ қойылып, тұрғындарға күрең шәймен тегін таратылды. Айта кетерлігі, бауырсақты көпбалалы аналар дайындап, дастархан басына шақырылған қонақтарға астың дайындалу тәсілін Тараз өңірлік университетінің аналар кеңесінің төрайымы Ардақ Жантаеватаныстырды.

Бұл күні алаңға ерекше нақышта безендірілген  4 шатыр тігіліп, қазақ, өзбек, орыс, дүнген, тәжік,неміс, әзірбайжан және күрді ұлттарының ұлттықтағамдарынан көрме қойылды. Әр шатыр маңында өзге ұлт өкілдері ұлттық киіммен келушілерді қарсы алып, ас мәзірінен ауыз тигізді.

Ал «Анаға тағзым» орталығының ішіне енген қонақтарды  мекеменің директоры Эльмира Мырза-Ғали күтіп алып,  рухани-адамгершілік тәрбие беруді үндеген ұйымның тынысымен таныстырып шықты.

        Осылайша Тәуелсіздікке тәубе еткен шара көптің көңілінен шығып, тараздықтар үшін естен кетпес естеліктер қалдырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.