Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Тәуелсіз елдің болашағы – жастар» тақырыбында кездесу өтті

0 259
Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәуелсіз елдің болашағы – жастар» тақырыбында кездесу өтті. Шараға «Желтоқсан ұшқыны» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Кеншінбеков, орынбасары Сәкен Мырзабай және бірлестік мүшелері қатысты.
Жиында сөз алған Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ маманы Дархан Байпақ еліміздің болашағы – жастар екенін айтып, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп, табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік таныту қажет екенін айтты.
Сондай-ақ шарада «Желтоқсан оқиғасы» тақырыбында дипломдық жұмыс әзірлеп жүрген М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің студенті Құттыбек Әшірхан өзінің зерделеу жүргізген жұмыстарын талдап, қатысушыларға баяндап берді. Ал ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы бөлімшесінің топ командирі, аға лейтенант Мадияр Жұмағұлов және Жамбыл облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жеке құрам қызметкерлері тақырыпқа байланысты өз ойларымен бөлісті.
Тақырып аясында қатысушылар келген қонақтарға сұрақтар қойып, пікір алмасып белсене қатысты.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.