Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тәуекел Мүсілімнің жары екінші сәбиін күтіп жүр

0 363

Актер Тәуекел Мүсілім екінші рет әке атанбақ. Бұл туралы оның жары Махаббат Мүсілім Айнұр Ілиясованың «MOM’sкий әңгіме» подкастында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Махаббат пен Тәуекел түсірілім алаңында танысқан. Қостанайлық Махаббат ол кезде Алматыға алғаш рет келіп, жарнама кастингінде бағын сынап көрген. Сол жерде Махаббатты көрген Тәуекел оны бірден ұнатқан. Қаланы жақсы білмейтін Махаббатты үйіне дейін шығарып салып, телефон нөмірін сұрап алыпты. Екі жастың махаббат хикаясы осылай басталған.

2019 жылы отау құрған ерлі-зайыптылар бүгінде Айтөре есімді ұл баланы тәрбиелеп отыр. Махаббаттың айтуынша, 1,5 жасқа келген Айтөре күн сайын түрлі қылық шығарады. Ал әкесі Тәуекел туған кезінен бастап ұлына қарайласып, жөргегін ауыстырып, тіпті өзімен бірге ертіп жүреді екен.

Осы ретте Махаббат отбасындағы қуанышты хабарды жеткізді. Ол екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.