Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Төтеншеліктердің ерекше тартуы

0 169

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай Тараз қаласында ерекше әрі маңызы бар қоғамдық көлік аялдамасы орнатылды.

№4 қалалық өрт сөндіру бөлімі жанында орналасқан жаңа аялдама өрт сөндіру көлігінің кабинасы түрінде жасалған. Ол бүгінде қала келбетін айшықтап, тұрғындар мен қонақтардың қызығушылығын тудырып отыр.

Аялдаманың басты ерекшелігі – оның тек сыртқы келбеті ғана емес, сонымен қатар мазмұнды әрі пайдалы түрде ойластырылған функционалдығы. Атап айтсақ, аялдама дизайнында ерекше элементтер қолданылған. Мәселен, қоқыс жәшігі ескі 50 литрлік өрт сөндіргіштен жасалса,  жарық шамдары  5 литрлік өрт сөндіргіштердің қайта өңдеу нәтижесінде әзірленген. Аялдаманың алдыңғы жағында көзге бірден түсетін «112» нөмірі  төтенше жағдайлар кезінде уақытылы көмекке жүгінудің маңыздылығын еске салатыны анық.

Аялдама бүгінде жастар мен қала тұрғындарының серуендеп, естелік суретке түсетін ерекше орнына айналып отыр. Бір жағынан бұл нысан қауіпсіздік мәдениетін дәріптеуге, құтқарушы мамандығына деген құрметті арттыруға және өскелең ұрпақтың жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз.

Дедек Төлен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.