Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұтас Түркінің тұтқасы

0 378

Жанар ОСПАНОВА,
Жамбыл облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді Қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Екі мың жылдық бай тарихы бар Тараз қаласының туған күнін көп жылдан бері күзде атап өту бұлжымас дәстүрге айналған. Биыл да бұл мерекеге орай түрлі мәдени, әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Ғасырлар тұңғиығына кететін терең тарихы бар Тараз өткен мен бүгіннің, бірлік пен достықтың, жерлестеріміздің жасампаздық жолындағы әлеуетінің үлгісін көрсетуде.
Тараз – Ұлы Жібек жолының бойында ғылым мен білімнің, мәдениет пен өркениеттің орталығы болған көне қала. Оның терең тарихы Әулиеата жұртының, қазақ елінің мақтанышы.
Бүгіндері қаламыз қарқынды дамып, оның бет-бейнесі өзгеріп, көшелері, саябақтары жаңарып, демалыс орындары көз қызықтырады. Тараз өзінің даму динамикасында шын мәнінде сапалы сатыларға көтеріліп, заманауи инфрақұрылым қалыптасып, жаңа шағынаудандар, көрікті ғимараттар жыл санап көбейіп келе жатқанына өздеріңіз куәсіздер. Бұл, әрине, барлық тараздықтардың еселі еңбегінің нәтижесі. Шаһарымыздың өсіп-өркендеуіне негіз болған аға ұрпақ өкілдері өздерінің мол тәжірибесін жастарға сіңіре отырып, қаланың келешегіне сеніммен қарайды.
Қымбатты жерлестер!
Тараз – қазақ тарихының алтын діңгегі. Бүгінде облыс орталығын мейірімді, еңбекқор әрі талантты адамдар мекен етуде. Осы ретте барлығыңызға Тараз қаласының гүлденуіне қосқан еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіре отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбекте мол табыс тілеймін!
Күндей көркем көне шаһарымыздың гүлденуі тараздықтардың патриотизмі мен белсенділігіне байланысты. Тарихи қаламызға жанашырлықпен қарап, қамқорлық таныту – перзенттік парызымыз.
Күндей көркем, көркіне көз тоймайтын көне шаһарымыз өркендей берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.