Қалалық қоғамдық-саяси газет

Т.Рысқұлов ауданында 4 мал сою пункті жұмыс істейді

0 520

Ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту пилоттық жобасы аясында Т.Рысқұлов ауданындағы Құмарық ауылдық округінің 230 азаматы 797,2 млн теңге несие алды. Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану мақсатында биыл 54 гектар жері бар 598 аула өз есептерінен жерін игерсе, жиналған өнім 435 тоннаға жеткен.  Бұл туралы ӨКҚ көшпелі брифингінде Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов мәлімдеді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, 2021 жылы 4 шаруа қожалығы жерді бірігіп игеру үшін ауыл сыртындағы 654 гектар жерге дақылдар еккен. Одан 366 тонна өнім жинапты.

«Биыл 32 143 гектар шабындықта мал азығын дайындадық. Бүгінде аудан бойынша 233 075 тонна шөп, 700 000 тонна сабан, 75 000 тонна құнарлы жем дайындалды. Қуаңшылыққа байланысты Қызылорда облысына көмек ретінде 5 вагон шөп жөнелттік. Тайланған жоңышқа 1500-1600 тенгеден, пішен 900-950 теңгеден, сабан 450-500 теңгеден сатылуда. Сонымен қатар әр ауылдық округ әкімдіктері 5000 түк шөп қорын жасақталды», – деді Ерболат Салқынбекұлы.

Ауданда 4 мал сою пункті мен жеке кәсіпкерлердің аулаларында 13 қарапайым үлгідегі мал сою алаңдары жұмыс істейді екен. 12 ауылдық округ ветеринариялық пунктпен қамтамасыз етілген, барлығында мал емдеуге арналған қоршаулар қарастырылған. Құлан ауылында жабайы ит-мысықтарды уақытша ұстайтын питомник, Қарақыстақ ауылдық округіне мал өлекселерін тастайтын «беккери» шұңқырының жобалық сметалық құжаты дайын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.