Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрсынбек Қабатовтың әйелінің тағы бір қылығы жұртқа жақпай қалды

0 9  136

Мөлдір Мұқанованың жаңа образы мен сырт келбеті көп адамға ұнамай қалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Әлеуметтік желі арқылы киімді жарнамалап, модель болғысы келген Мөлдір Мұқанова сынның астында қалды. Пікір жазушыларға оның сырт келбеті, түр-пішіні ұнамаған сыңайлы.

«Модельге арықтау керек қой, көйлек ашылмай тұр», «Онша жараспайды, арықтау керек», «Кішкене болсын диетаға отырмай ма?», «Денесі ұзын, бұты қысқа, жараспайды екен», «Иығы онсыз да үлкен, көйлек келмейді», «Бәрі жақсы, бірақ 10 келі тастау керек»— деп жазған жұрт.

 

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі үнемі даулы жағдайларға қалып жатады. Бұған дейін Мөлдір Мұқановамен айтыскер Айшолпан Тілеутай сыйыспай, оның продюсерлік орталығынан кетіп қалған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.