Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрмыстық қоқыстар мен шөпті жағу

0 389

Өрт – бұл бақыланбайтын жану және материалдық қүндылықтармен адамдардың өліміне алып келетін қауіпті апат. Мұндай қайғы болғанша, жағдайды алдын алу үшін адамдарға ескерту, түсіндіру жұмыстарын жүргізген дұрыс.

Тәжірибе көрсеткендей ауа райы жылынғанда өрттің саны өсе түседі. Өрт көбінесе шабындық қалдықтарды, шөптерді, тұрмыстық қалдықтарды жағу барысында бақылаусыз қалдырғанның салдарынан туындайды. Өрт кесірінен көптеген үйлер мен шаруашылық құрылыстар, автотехникалардың жойылуына әкеліп соқтырады. Өрт болғанда тіпті ересек адамдардың өздері өртті тоқтата алмай қалады. Көбінесе кішкентай балалар ойын үшін шөптер мен қоқыстарды жағып, өздері өшіре алмағандықтан, қорықандарынан үлкендерге өрттің туындағаны жайлы айтпауларының барысында үлкен апаттар болып жатыр. Үлкендер өртті байқаған уақытта оны өз күштерімен сөндіруге кеш болады. Өртті сөндіру үшін өртке қарсы қызметінің күш құралдарынсыз мүмкін емес.
Әрбір адам қоқысты немесе басқа да заттарды жағу барысында үйлер мен ғимарат құрылыстарынан 50 метрден жақын болмауы керек. Ешқашанда жаққан қоқыстың, шөптің шоғын қараусыз қалдырмай жанып болуын соңына дейін күту қажет. Кішкентай шоқты қалдыру өте үлкен апатқа алып келуі мүмкін. Өрт тілсіз жау демекші өрттен сақтанып жүрініздер.
Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді! Өрттің шығуын байқасаныз дереу азаматтық қорғау органдары «101» немесе «112» нөмері бойынша хабарласу қажет!

Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.