Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 5 жоба жүзеге асады

0 357

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесіне де тоқталды.

Оның айтуы бойынша бүгінде облыста тұрмыстық қалдықтарды төгуге арналған 163 полигон жұмыс істейді. Оның 159-ы коммуналдық меншікте, 4-еуі жеке кәсіпкерлерге сенімгерлік басқаруға берілген

– 2024 жылдың 6 айның қорытындысымен полигондарда 23,9 мың тонна қалдықтар жинақталса,  оның  3,5 мың тоннасы немесе 15% бөлек жиналып, сұрыпталды.  Қалдықтарды жинау, тасымалдау қызметтерімен айналысатын 32 мекеме айналысады. Олар 191 арнайы техникамен қамтылған. Сонымен қатар, облыста қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша шағын кәсіпорындар да (цехтар)бар. Енді инвесторларды тарта отырып, тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауыттарының құрылысын жандандыру мақсатында «Жасыл Даму» АҚ алған төлем қаражаты есебінен облыс бойынша 5 жобаны іске асыру көзделуде, – деген Әбілхайыр Ғалымұлы аталған жобалар қолданыстағы сұрыптау желілерінің қуатын ұлғайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.