Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркістан облысында такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді

0 118

Түркістан полицейлері такси жүргізушісінен 10 келіден астам есірткі тәркіледі.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге есірткі заттарын тасымалдауы мүмкін деген күдікті жүргізушіні ұстады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер Түлкібас ауданы аумағындағы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолында «Ауди С4» маркалы автокөлікті тоқтатты.Тінту кезінде автокөлік салонынан ішінде есірткіге ұқсас заты бар салмағы 10 келіден асатын 1 қап пен 1 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижесінде оның  кептірілген марихуана екені анықталды.aikyn.kz

«Күдікті бұрын сотты болған, жеке тасымалымен айналысатын жүргізуші, Жамбыл облысының тұрғыны», – деп көрсетті Түркістан облыстық Полиция департаменті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.