Қалалық қоғамдық-саяси газет

Түркістан облысында ата-ана мен мұғалім мектепте жаға ұстасты (видео

0 1  305

Түркістан облысындағы мектептердің бірінде ата-ана мен мұғалім арасындағы жанжал әлеуметтік желіде таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі әйел алдымен оқу орнындағы кабинеттің жанында сөзге келген. Содан кейін олардың біреуі екіншісін жағадан алып, қабырғаға итереді. Содан соң әйел мұғалімнің аяғын шалғандықтан, ол еденге құлайды. Балалар мен мұғалімдер болып жатқан оқиғалардың куәгерлері болды. Олар әйелдерді ажыратуға тырысқанымен, нәтиже болмады.

«Жағдай Түркістан облысының білім басқармасының бақылауында. Іс полицияға берілді. Бірақ бірнеше күннен кейін ата-ана мектепке ұжымнан және зардап шеккен мұғалімнен кешірім сұрап келді. Екі тарап өзара мәмілеге келді», — деп хабарлады Түркістан облысының білім басқармасы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.