Қалалық қоғамдық-саяси газет

Төреғали Төреәлінің 19 жастағы қарындасы тұрмысқа шықпақ

0 297

Төреғали Төреәлінің отбасында үлкен қуаныш. Әнші жақын арада кенже қарындасын ұзатпақ. 19 жастағы Дина Төреәліге сүйіктісі үйлену туралы ұсыныс жасады. Бойжеткен оның сөзін қабыл алып, тойға дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күйеу жігіттің есімі – Ернар Мұсабай. Болжам бойынша, спортшы. Ол Динаға футбол алаңында сезімін білдіріп, үйлену туралы ұсыныс жасады.

«Хоккейші деген тема осымен жабылсын, иә? Қандай спорт түрімен айналысатынын стадионда ұсыныс жасағанынан біле аласыздар», – деп құпияның шетін ашты Дина.

Ол тойға дайындықты бастап кеткенін айтты.

Айта кетейік, Төреәлі әулетінің үлкен қызы Фариза да спортшыға тұрмысқа шыққан. Оның жолдасы Дархан Нортаев джиу-джитсудан әлем чемпионы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.