Қалалық қоғамдық-саяси газет

Төреғали Төреәлі жұбайымен бірге қажылыққа аттанды

0 446

Төреғали Төреәлі жұбайы мен нағашы атасын ертіп, қажылыққа аттанды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында киелі сапардың көріністерімен бөлісті. Сондай-ақ Төреғалидің жары Толқын қасиетті Қағбаны көргенде көз жасына ерік бергенін жасырмады.

«Қаңтардағы қақтығыстан кейін алаңдаған жүрек тыныштық таба алмаған еді.

Дәл сол уақытта бала-шағамен төркіндетіп, ата-анама барған едім.
Отағасы шетелде іссапармен жүрген. Қақтығыстар бастау алғаннан бастап, аманаттарыммен үйімізге аман жетуді тіледім!

Тіпті амандығымызды жеткізетін байланыстан үзілген күндер Алланың беріп қойған әрбір нығметін түсіндіріп қоя берді.

Мейірімі шексіз Аллахым, бір өзіңе жалбарынып, бір өзіңнен жәрдем тілеуге келдік.

Елімізді, жерімізді барлық бәледен сақтап, бірлігімізді, берекемізді еселей бер!» – деп бөлісті ол.

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.