Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрақтылық – ең басты байлығымыз

0 241

Орынқыз Жолдасова,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институтының директоры

Елімізде орын алған оқыс оқиға жүрегімізге қатты батты. Бұл бұрын-соңды елімізде болмаған қасіретті күн. Бейбіт шерумен басталған бұл оқиғаның салдары дүмпуге ұласып, қаншама адам зардап шекті.

Алаңға шыққан адамдар мәселенің байыбын түсінбей жатып, ортаға іріткі салып жатқан бүлікші топтың өтірік сөздеріне иланды.

Елімізге төнген бұндай кесапаттың жолына тосқауыл болу мақсатында, тұрақтылығымыз сыналған мына бір шақта  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге төтенше жағдай жариялап, халыққа үндеу жариялады. Тиісті шешімдерді қабылдап та жатыр.  Дегенмен әлі де болса коменданттық сағат режимін сақтамай жатқандар жетерлік. Сондықтан сабырға келіп, ессіз әрекеттерге бой алдырмаған жөн.

Елдің береке-бірлігін қашырып, Тәуелсіздігімізге қатер  төндіретін амалды еңсеру ауызбіршілігімізге байланысты. Мемлекеттің басты байлығы – татулық пен тұрақтылықты сақтау бәріміздің міндетіміз деп білемін.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.