Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғындардың өтініш-тілегі ескерусіз қалмайды

0 1  158

Бүгін Тараз қаласының әкімі бірқатар қала тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар жер кезегі, тұрғын үй мәселесі бойынша сауалдар қойды. Сонымен қатар, алқаптарға ауыз су құбырын тарту, интернет мәселесі, көпқабатты үй ауласын абаттандыру, көпқабатты үйлерге күрделі жөндеу жүргізу, қоғамдық орындардағы жабайы сауда нүктесімен күрес, қураған ағашты кесу, талдарды суару туралы сұрақтар жолдады.

Қабылдауға келген қала тұрғындарының әрбір сауалы назардан тыс қалмайды. Шаһар басшысы азаматтардың сұрағын жауапты мамандарға тапсырып, заң аясында шешімін табатындығын айтты.

Тараз қаласының әкімі бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде аптасына 1 рет жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке сұрақтарымен қабылдайды.

Ағымдағы жылдың 6 айында қала әкімі мен орынбасарлары жалпы 64 жеке қабылдау өткізіп, 522 (2023 жылдың 6 айында – 572 ) азаматты жеке сұрақтарымен қабылдаған. Оның ішінде қала әкімі – 293 (2023 жылдың 6 айында –293), қала әкімінің орынбасарлары – 229 (2023 жылдың 6 айында – 279 ) азаматты қабылдады.

2023 жылы қала әкімі жалпы 62 жеке қабылдау өткізіп, 643 азаматты жеке сұрақтарымен қабылдаған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.