Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғындардың тілегі орындалды

Қала әкімі Б.Орынбеков бұқараның өтінішін назардан тыс қалдырмайды

0 220

Қала әкімі Бақытжан Орынбеков өз міндетіне кіріскен күннен бастап халықпен кездесіп, қаланы аралап, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдауда.

Азаматтар тарапынан және БАҚ пен әлеуметтік желіде көтеріліп жатқан мәселелер қала әкімінің тікелей назарында және бақылауында.
Мәселен, БАҚ өкілдерімен кездесуде көптеген өзекті мәселелер көтерілді. Айталық, республикалық «31» арнаның Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Нұрадин Рақай бірнеше мәселені қозғаған болатын. Көк базар орталықта болған кезеңде А.Асқаров, А.Пушкин көшелері бір бағытта болғандығы анық. Ол бүгінде өз өзектілігін жойғандықтан, қайта екі бағытта автокөлік қатынайтын жол ретінде қарастыруды, 15-ші ықшамаудандағы жекеменшік мектеп алдына жол белгісін орнатуды ұсынған еді. Өткен аптада екі көше де зерделеніп, нәтижесінде А.Асқаров көшесі 2 бағыттық ретінде қайта ашылатын болды. Бірақ алдымен бағдаршам қою жұмыстары жүргізілмек.
Ал А.Пушкин көшесінің бойында №1 гимназия, Полиция басқармасы, Мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастыру (ОблДЮЦ), медицина мекемелері орналасқандығын ескере отырып, бұл көше бір бағыттағы автомобиль қозғалысымен қалатын болды.
Жекеменшік мектеп маңына жол белгілерін қою бойынша сұраныс та өз шешімін тапты. Осылайша шаһар басшысы әр мәселенің шешімін құр сөзбен емес, іспен көрсетуде.
Қала әкімі Бақытжан Орынбековтің Шөлдала тұрғындарымен кездесуінде де халық алқапқа қатынайтын қоғамдық көлік уақытын созу туралы ұсыныс білдірген болатын. Бұған дейін алқапқа қатынайтын 2 бағыттағы автобустардың уақыты 1 рейске ұзартылған еді. Әлеуметтік желідегі халықтың сұранысына сәйкес, 2022 жылдың 21 қыркүйегінен бастап «Құмшағал», «Шөлдала» алқаптарына қатынайтын №54 пен №60 автобус бағыттарына тағы қосымша рейстер қосылуда.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.