Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды

0 78

Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаев Ұланбел ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу жиынына өткізді. Жиын барысында тұрғындарды мазалайтын төмендегі мәселелер қозғалды: интернет желісін жақсарту, көмір бағасын төмендету және Тараз бен Мойынқұм аралығында қатынайтын автобуспен қамтамасыз ету сынды басқа да өтініштер айтылды. Аудан басшысы осы аталған мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма беріп, белгіленген уақытта нақты жауап болуын талап етті.

Сондай-ақ, іс-сапар барысында Ермек Амангелдіұлы аталған ауылда білім беру орталықтарының, кітапхана, мәдениет үйі, медициналық бөлімшенің және орман шаруашылығы мекемесінің қыс мезгіліне дайындық барысын тексерді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.