Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғындарды не толғандырады?

0 252

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Құмшағал» алқабының тұрғындарымен кездесті. Басқосуда алқапқа қоғамдық көліктің қатынауы, газдандыру, ауыз су, жарық жүргізу, спорттық нысандардың құрылысына қатысты мәселелер көтерілді.

Бүгінде алқапқа қатынайтын автобустардың аздығы – бас-ты проблеманың бірі. Жалпы Таразда автобус тапшылығы проблемасы бар. Бұл жөнінде шаһар басшысы тасымалдаушы мекемелермен келіссөз жүргізіп, алқаптан вокзалға дейін қатынайтын интервалы 15-20 минуттан аспайтын қысқа маршрутты жүргізу бойынша жұмыс жақын арада аяқталатынын жеткізді. Айта кететін жайт, биыл қала- ға – 30, ал келесі жылы қосымша 60 үлкен автобус келеді. Бірінші кезекте шалғай алқаптарға беру жоспарда. Сонымен қатар мұнда ауыз су мәселесі де өзекті. Тұрғындарға су таңғы 06 мен түнгі 00.00 аралығында берілуде. Бұл аумақтағы су мұнарасының техникалық мүмкіндігіне байланысты. Бүгінде ауыз су құбырларының сыртқы желілерін орнату жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл тұрғыда келесі жылы су мұнарасын жөндеу немесе «Казарма» алқабын қосу жұмыстары жасалады. Қала әкімі жауапты мамандарға халық санына және суды пайдалану қажеттілігіне сәйкес, оңтайлы шешім ұсынуға зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ тұрғындар жарық мәселесін де алға тартты. Кей аумақтар жарықты КТЖ мекемесінен тартуда. Жарық беру кезіндегі тұрақсыздық фактілері орын алуда. Аумаққа жарық жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Есептеуіш құралдарын әкімдік өз балансына алуда. Мұндағы мәселе – кей аумақтағы ескі кабельдерді жаңарту. Бұл жұмыстар аяқталған соң, 10 күн ішінде тұрғындарды ортақ желіге қосу жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда. Бұдан соң тұрғындарды абоненттеу жұмыс- тары басталады.
Тұрғындардың тағы бір өтіні-ші – өткелден аумаққа барар және мектеп маңындағы және аумақтағы кей көшелердегі жол жабындысын жөндеу.
Келесі жылы қала аумағындағы 120 көше мен бұрылысқа асфальт төсеу жоспарлануда. Басымдық әлеуметтік нысандарға барар жолдарға беріледі. Жоспарға сәйкес аумақтағы негізгі 2-3 көшеге асфальт салу жоспарда. Бірақ жол жөндеу тек су құбырын жүргізгеннен кейін ғана жасалады.

Бұдан бөлек, шаһар басшысы жауапты бөлім мамандарымен бірлесе «Төңкеріс» пен Сәтбаев көшесіндегі №8 және №6 үйлерді аралады. Мәселе жылу жүйесіне қатысты.
«Төңкеріс» тұрғын алқабының №8 үйінің жертөлесін тексеру кезінде жылу жүйесінің қанағаттанарлықсыз жағдайы анықталды. Жөндеу және тексеру жұмысы ұзақ уақыт бойы жүргізілмеген. Коррозия мен тұздану кезінде жылу жүйесінің қыздыру көтергіштері бітеліп қалған. Құбыр бөлігінің бітелуіне байланысты жеке жылыту көтергіштері қызбайды. Элеватордың кіріс блогын бөлшектеген кезде белгісіз затпен тығындалып, бітеліп қалғандығы анықталды. Бұл – тиісті тазалық жұмыстары жүргізілмегенінің нәтижесі.
Құбырды тазалап, жылытуды қайта іске қосқаннан кейін жылу беру параметрлері жақсарды. Мұндағы құбыр реттеуіштерін толығымен ауыстыру керек.
Тұрақты күтім мен жөндеу жұмыстарының жоқтығын №15 пәтердің тұрғыны да растады. Аталған үй тұрғындарының ортақ мүлікті жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыруға қатыспайтынын айтты. Жөндеу жұмыстарына қаражат жиналмайды. Жалпы үй мәселелерін шешуде немқұрайлылық орын алуда. Тұрғынға жылумен жабдықтау жүйесіне тұрақты қызмет көрсету үшін ҚСК-ге кіру қажеттілігі түсіндірілді. Ал №13 үйдің аға басшысы тұрғындар жылу жүйесінің айналым режимін жақсарту мақсатында жөндеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жатқандықтан, үйіндегі жылу сапасының жоғары деңгейде екендігін айтты.
Тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындауға, ішкі инженерлік жүйелерді жұмыс жағдайында ұстауға жауапты сервистік компанияның қажеттілігі артып отыр екен.
Бұдан соң Бақытжан Әмірбекұлы Сәтбаев көшесіндегі №6 үй, 37-пәтерге аялдады. Үйдегі жылуды өлшеу кезінде бөлмелердегі температура +24С, залдағы және балалар бөлмесіндегі жылыту радиаторларының температурасы +53С болды. Жылытқыш секциясының бітелуіне байланысты ас үйдің ғана батареясы қызбайды. Бірінші подъезге жауапты 7-пәтердің тұрғыны жалпы үйді жылумен қамтамасыз ету жақсы екенін, ешқандай арыз-шағым жоқ екенін жеткізді.
Аталған мәселелер назарға алынып, таяуда толығымен өз шешімін табады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.