Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғындар тілегі тыңдаусыз қалмайды

0 543

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков №1 аумақтық округтің тұрғындарымен кездесті.

№53 мектеп- гимназиясында өткен жиын барысында округтің бас инспекторы Нышанәлі Телеуов атқарылған ауқымды жұмыстар жөнінде баяндады.
– Өткен жылы округте атқарылған жүйелі жұмыстар жетерлік. Атап айтсақ, №11, 17, 28, 44, 55 бағыттардағы автобустар толығымен жаңа қоғамдық көліктерге ауыстырылып, 5 аялдама орнатылды. Сондай-ақ 4 көше жарықтандырылып, «Астана» (12) шағын ауданы, №20 үйдің ауласындағы кіші футбол алаңшасына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұған қоса Төле би даңғылы, №116 үй күрделі жөндеуден өтсе, Төле би даңғылы, №98 үйдің тозығы жеткен лифтісі жаңаланды, – деген Нышанәлі Болатұлы алда тұрған жоба-жоспарларды да тілге тиек етті.

Келесі кезекте тұрғындар Бөлтірік шешен – Қ.Жалайыри, Бөлтірік шешен – Рысбек батыр, Ы.Сүлейменов – Рысбек батыр көшелеріне бағдаршам орнату, аумақты ағын сумен қамтамасыз ететін арық жүйелерін қалпына келтіру, Ниетқалиев көшесі мен Ы.Сүлейменов көшелеріне 6 заманауи аялдама қою секілді өзекті мәселелерді көтерді.
Әрбір сауалды мұқият тыңдаған шаһар басшысы барлық өтініш-тілек заң аясында қаралып, кезең-кезеңімен өз шешімін табатынын жеткізді.

Кездесуден кейін қала әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.