Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғындар тілегі тыңдалды

0 622

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил №10 аумақтық округтің тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектеріне құлақ түрді.

– Бүгінде округте қолға алынған ілкімді істер аз емес. Әсіресе жол жөндеу жұмыстарына ерекше басымдылық берілуде. Айталық, Сыздықов көшесі 3-бұрылысы, Чкалов көшесінің соңы мен «Орман» алқабының көшелеріне асфальт төселсе, Солнечный кентінің көшелері, Целиноград көшесінің бұрылыстарына жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 1, 2-ші «Шалғай Қарасу» алқабының барлық көшелерінің бұрылыстарына шағал төселуде. Оның ішінде Бақтияр баба, Сейілхан Әбдиев, Қайым Мұхамедханов, Хан шатыр, Темірқазық, Жалын, Алтын Орда көшелеріндегі бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.
Округ бойынша 234 көшенің 198-де асфальт болса, тағы 36 көше жөндеуді қажет етеді. Ал 32 көшеге ауыз су жүргізілгеннен кейін жол төсеу жұмыстары басталады. Бұған қоса Яблочный көшесінің 1,2,3,4-ші бұрылыстары мен № 26 орта мектепке баратын жолдарды да орта жөндеуден өткізу қажет.
Сонымен қатар былтыр 1,2,3,4,5,6,7-ші «Шалғай Қарасу» алқабына электр бағаналары мен трансформаторлар орнатылып, толығымен іске қосылды. Қазіргі таңда 234 көшенің 104-і самаладай жарқырап тұр. Бұдан бөлек биыл Бебел, Түрксіб көшесінің 1-ші бұрылысы Түрксіб, Комаров көшесінің бұрылысы, Локомотивная, Лобачевкий, Райымбек көшесінің 1-ші бұрылысы, Райымбек (Кутузов), Толстой-Тындыбеков, Тухачевский-Азизбеков, Мусоргский (Пірманов көшесінен Сыздықов көшесіне дейін), Молдарбеков көшесі, Молдарбеков көшесінің тұйығы, Уездный көшесінің бұрылысы, Клубничная-Ягодная, Сарымолдаев, Есенин, Анарбаев, Беделбаев көшелері, Ғ. Лұқманов көшесінің 1-ші бұрылысы (темір жолдан КЕГОК-қа дейін), Ғ. Лұқманов, Аванесова, Арыстан баб көшелері, Ғ. Лұқманов көшесінің 2-ші бұрылысы, Ғ. Лұқманов көшесінің бұрылысы, Ғ. Лұқманов көшесінің 1-2-ші өткелдері, Целиноградский көшесінің бұрылысы, Ақтөбе көшесінің 1-2-ші бұрылысы, Шалғай Қарасу көшелері жарықтандырылды.
Округте тазалық жұмыстарына да ерекше екпін түсірілген. Мәселен, «Сұлтанғазы», «Нұрлы Тараз» ЖШС мен «Ибадуллаев» жеке кәсіпкерлігі округтегі қоқыстарды шығарумен айналысуда. Бұдан бөлек қала әкімдігінен бөлінген автокөлік пен қоғамдық жұмысшылар округ аумағында күнделікті тазарту жұмыстарын жүргізуде. Дегенмен әлі де тазалық сақтамайтын тұрғындар азаймай тұр. Соған байланысты тазалыққа немқұрайды қараған азаматтарға жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен 210 әкімшілік хаттама толтырылды, – деді Ескер Базарбайұлы.
Тұрғындар өз кезегінде Беделбаев көшесі, Целиноград және Яблочный көшелерінің бұрылыстарына асфальт төсеу, 1,2,3,4,6,7-ші Қарасу алқабтарына ауызсу кіргізу, «Орман» алқабына қосалқы станция орнату, қаңғыбас иттерді жою, ойын алаңшаларын орнату секілді маңызды мәселелерді көтерді.
Қайрат Әбілханұлы барлық сауалды мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер заң аясында талапқа сәйкес шешімін табатынын, мүмкіндігінше айтылған сын-ескертпелер мен өтініш-тілектер қараусыз қалмайтынын жеткізді.
Жиыннан соң қала әкімінің орынбасары тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Құрбанәлі Шахабай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.