Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Тұрғындар тілегі – әкім назарында

Бақытжан Орынбеков Жібек жолы ауданының халқымен кездесті

0 285

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Жібек жолы ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында әуелі аудан әкімі Қарлығаш Аралбекова атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды баяндады.

– Ағымдағы жылы инфрақұрылымды дамыту бағытында ауданда бірқатар маңызды жоба іске асырылды. Жол инфрақұрылымын дамыту аясында жалпы ұзындығы 40,1 шақырымды құрайтын 62 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ұзындығы 33,1 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы қалпына келтірілді. Қазіргі таңда жобалық жұмыстар шеңберінде «Барысхан», «Жалпақтөбе», «Қызылабад», «Қант зауыты», «Тектұрмас» алқаптарының ішкі көшелеріне және М.Лермонтов, Ташкент көшесінің 5-бұрылысы, Ә.Комратов, Майлықожа, Братский, Смоленский, Ж.Қамбаров, М.Х.Дулати көшелерін орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
Сондай-ақ аудандағы 46 көше мен 102 аулада жарық шамдары ауыстырылып, орнатылды. Қала аумағына жаңадан қосылған алқаптарды тіршілік нәрімен қамтамасыз ету мақсатында ауызсу жүйесін қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарының жобасы әзірленді. Соған сәйкес қазіргі таңда «Қызылабад», «Жиделі», «Көлтоған» және «Шаңырақ» алқаптарында «Жамбыл су» кәсіпорынының күшімен ауызсу құбырлары тартылып, ақау анықталған учаскелерде жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда, – деген Қарлығаш Әмірқызы санитарлық-тазалық жұмыстарының барысын да тілге тиек етті.
Оның айтуы бойынша, аудан аумағындағы көшелер мен жолдарды, аула аумақтарына кірме жолдарды, тротуарларды, аялдамаларды тұрақты түрде тазалау, күтіп ұстау жөніндегі шаралар жүргізілуде.
Бұдан кейін жиынның сұрақ-жауап бөлімінде тұрғындар тарапынан ауызсу жүйесін жүргізу, қоғамдық көліктердің бағытын ұзарту, спорт алаңшаларын салу, аулалардың тазалығы, қураған талдарды кесу секілді маңызды мәселелерді көтерді. Өз кезегінде Бақытжан Әмірбекұлы әрбір мәселе назардан тыс қалмай, заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
Кездесуден кейін шаһар басшысы тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.