Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмайды

Әрбір мәселе қала әкімінің жіті бақылауында

0 493

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шаһарымызда жүйелі жүзеге асырылуда. Айталық, биылғы жылдың 3 айында қала әкімі 16 жеке қабылдау өткізіп, 148 азаматты жеке сұрақтарымен қабылдаған.

Қабылдауда көбінесе тұрғын үй, жер, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту, жол салу, ауыз су құбырын ауыстыру, көшені сыртқы жарықтандыру, қоғамдық көлік, балалар ойын алаңшасын салу, көппәтерлі тұрғын үйді жөндеуден өткізу мәселелері көтерілді. Қазіргі таңда аталған мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларға заң аясында жауаптары жолданып, түсініктемелер берілуде.
Тұрғындар тарапынан жолданған сауалдар тек сөз жүзінде қалмай, өз шешімін табуда. Мәселен, «Шалғай Қарасу» алқабы, Байтана батыр көшесі, №77 үйдің тұрғыны А.Самиева үйіне газ кіргізуге көмек сұраған еді. Нәтижесінде газдандыру жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме басшылығына өтініші жеткізіліп, газ кіргізу ақысын бөліп төлеуге келісілген. Сондай-ақ «Қарасу» ықшамауданы, №20 үйдің тұрғыны А.Мешитбаева қыздарының денсаулығына байланысты мүгедектікке шыға алмай жүргенін айтты қайырылған болатын. Осыған байланысты емханада дәрігерлер кеңесі ұйымдастырылып, тиісті зерттеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін қызына «үшінші топтағы мүгедек бала» анықтамасы берілді. Бұған қоса Байзақ батыр көшесі, №101 үйдің тұрғыны М.Домалаева материалдық көмек сұрауына байланысты демеушілер тарапынан азық-түлік, гигиеналық құралдар жеткізілді.
Тағы бір айта кетерлігі, шаһар басшысы өткен жылы 1178 азаматты жеке сұрақтарымен қабылдаса, алқаптарда 9 рет тұрғындармен кездесті. 9 округте халық алдындағы есеп беру кездесулері, 14 жеке қабылдау ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Құрбанәлі Шахабай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.