Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмайды

0 51

Тараз қаласы, Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова №1 аумақтық округ тұрғындарымен кездесті. Жиында әуелі №1 аумақтық округінің бас инспекторы Мақсат Рахымбекұлының тұрғындар алдындағы есебі тыңдалды.

– №1 аумақтық округ құрамына 4 шағынаудан («Алатау» (8), «Талас» (6), «Бәйтерек» (13), «Арай-2»), 4 тұрғын алқап («Тайвань», «Көктем», «Арай», «Әуежай») кіреді. Округтегі жалпы халық саны 103 590 тұрғынды құрайды. Округте 10 мектеп (№3 мектеп-лицей, №20, 28, 40, 43, 48, 63, 66 орта мектеп, Назарбаев зияткерлік мектебі, жекеменшік инновациялық бастауыш мектебі), 5 мемлекеттік және 14 жекеменшік балабақша, 1 колледж орналасқан.

Өткен жылы аумақта 7 көше орташа жөндеуден, 16 көше, 9 бұрылыс, 4 аула жолы ағымдағы жөндеуден өтіп, 17 көше мен бұрылыста жаяу жүргіншілер жолы салынған. Сонымен қатар 7 аялдама қайта жаңартылды. Халық тұрмысын жақсарту мақсатында 6 көппәтерлі тұрғын үй қайта жаңғыртудан өтті, 10 үйдің қасбеті жөнделіп, 4 жеделсаты жаңартылды, – деген бас инспектор бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын жеткізді.

Келесі кезекте тұрғындар тарапынан жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру және өзге де әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелер көтерілді. Халық тілегін тыңдаған аудан басшысы алдағы уақытта әрбір мәселе кезең-кезеңімен, жоспарға сай шешімін табатынын жеткізді.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.