Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғындар тілегі елеусіз қалмайды

0 30

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында атқарушы орган өкілдері мен тұрғындар арасындағы кездесулер тұрақты өтіп келеді. Жақында «AMANAT» партиясы аудандық филиалында аудан әкімі Ермек Кәрентаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Қабылдауға 8 тұрғын қатысты. Тұрғындар көтерген мәселелерінің басым бөлігі ауыл тазалығы, полигон, мал ұрлығы, әлеуметтік көмек, көмір, сексеуіл отындарының қолжетімді бағада ұсынылуы, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне қатысты сұрақтар болды.
Аудан әкімі Ермек Амангелдіұлы тұрғындардың көтерген мәселелері бой ынша заң аясында түсінік беріп, жауапты бөлім басшыларымен ауылдық округ әкімдеріне азаматтардың өтініш-талаптарын жан-жақты қарауды тапсырды.
Жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Н.Саурықов, аудан әкімінің орынбасарлары Е.Әмірханов, М.Төлеулиев және тиісті бөлім, мекеме басшылары мен округ әкімдері қатысты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.