Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғындар мәселесі назардан тыс қалмайды

0 730

Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдауға келген тұрғындар жылу беру мәселесі, жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу, жол белгісін орнату туралы сауалдар қойды. Сонымен қатар, үй ауласына балалар ойын алаңшасын салу жөнінде де мәселе көтерді.

Шаһар басшысы қабылдауға келген тұрғындардың сауалын мұқият тыңдап, заң аясында шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.