Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғын үйлер ерекше кейіпке енуде

0 393

Бірер жылдың бедерінде көне шаһардың келбетін жақсартуға ерекше ден қойылып келеді. Ал шаһар шырайын арттырудың бір жолы көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту екені белгілі.

Осы мақсатта қала аумағындағы пайдалануға берілгеніне 30 жылдан асқан 1 103 үйдің бұған дейін 489-ы күрделі жөндеуден өткізілсе, қалған 614 үйді жаңғырту алдағы уақытқа жоспарлануда.
Ерекше айта кетерлігі, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» және «Нұрлы жер» 2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламалары аясында көппәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары 2011 жылдан бастап қолға алынып, республикалық, жергілікті бюджет пен қайтарым қаражатты қоса алғанда 16, 590 млрд теңгеге жоғарыда аталған 489 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, күрделі жөндеуді қажет ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің үлесі 43-тен 39 пайызға төмендеді. Сондай-ақ Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша 2024 жылға 53 көппәтерлі тұрғын үй жаңа кейіпке енбек. Бұл бойынша 5, 086 588 млрд теңгеге бюджеттік өтінім Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне ұсынылып, ағымдағы жылы бөлінуі қарастырылып отыр. Бұған қоса, 2025 жылы 54 үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 5, 099 000 млрд теңгеге бюджеттік өтінім Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне тапсырылды.
Бүгінгі күні Төле би көшесі №11 жатақханасына мердігер «Интерстрой Азия» ЖШС тарапынан қайтарым қаражат есебінен ішкі әрлеу, су, жылу, кәріз, электр қуатың жөндеу бойынша жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ «Тұрғын үй жөндеу» ЖШС тарапынан «Қаратау» мөлтекауданы №37 «А», №39 және «Салтанат» мөлтекауданы №29 «А», №29 «Б» үйлерге де қайтарым қаражат есебінен ішкі әрлеу, су, жылу, кәріз, электр қуаты жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс мердігерлері – «ТаразЭлитСтрой» ЖШС және «Строй объект» ЖШС.
Сонымен қатар өткен жылыту маусымына дайындық барысында бекітілген Жол картасы бойынша проблемалық үй ретінде танылған «Телеорталық» алқабы №2 кондоминиум объектісіне бөлім тарапынан арнайы жобалау сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан өткізілді. Енді ағымдағы жылы тұрғындардың келісіміне сәйкес келісімшарт жасалып, жөндеу жұмыстары жасалуда.
Бұған қоса коммуналдық меншікте тұрған «Бәйтерек» мөлтекауданындағы №5,8,12,14,31,39 үйлерге «Арқас-А», «Юг-ТехСнаб» ЖШС-нің мердігерлігімен жөндеу жұмыстары қолға алынды.
Биыл тек мөлтекаудандар ғана емес, орталықтағы үйлерге де басымдық берілуде. Соның жарқын дәлелі – «Қаратау құрылыс 2030» ЖШС-нің мердігерлігімен Төле би даңғылында орналасқан №38,40,44,48,50,52,54,56,57,58,59, жалпы саны 11 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттеріне, шатырларына күрделі жөндеу өткізілуде. Мұндай құрылыс жұмыстары Абай даңғылындағы №117,121,123,128,129,130, 132, 134, Желтоқсан көшесі, 71, Әйтеке би көшесі, №1,2 және Қазыбек би көшесі, №103,113,120,140 тұрғын үйлерде де қарқын алуда. «AiGroup-KZ» және «ATS Astana Limited» ЖШС-нің мердігерлігімен жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары таяу арада толығымен аяқталады.

Еркін Сайын

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.