Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғын үй құрылысы тоқтамайды

0 119

Таразда «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 2011 жылдан бастап тұрғын үй қорын жаңғырту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қала аумағында 1 103 үйдің пайдалануға берілген мерзімі 30 жылдан асқан, оның ішінде 477 үй күрделі жөндеуден өткізілсе, қалған 626 үйді де осындай жаңартудан өткізу жоспарлануда.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» және «Нұрлы жер» 2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламалары аясында көппәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары 2011 жылдан бастап республикалық, жергілікті бюджет пен қайтарым қаражатты қоса алғанда 16, 610 млрд. теңгеге 477 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы 63 көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда, ол үшін 5, 372 411 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне ұсынылды.

2023 жылдың мамыр айына дейін тұрғын үй алу кезек тізіміне тіркелген тұрғын үйге мұқтаж жандарға барлығы 28 бір бөлмелі пәтер бөлінді. Жыл соңына дейін 60 пәтерден тұратын төрт тұрғын үй беру жоспарда тұрса, жыл соңына дейін барлығы 268 пәтер беріліп, тұрғын үйге мұқтаж жандардың 1%-ы тұрғын үймен қамтамасыз етілмек. Халықтың наразылығын тудырмау мақсатында кезек тізімінде тұрған, тұрғын үйге мұқтаж жандарға арналған арендалық тұрғын үйлердің көбірек соғылуына ықпал етуге және халықтың сұранысын, үндеуін жеткізу мақсатында Қазақстан Респуликасы Министрлігіне өз құзыреті шеңберінде жеткізу үшін Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жергілікті орган тарапынан бірнеше рет хат жолданып, халықтың қажеттілігіне барынша назар аударылып отыр. Республикалық бюджеттен екінші деңгейдегі пәтерлерді сатып алуға пәтер құны 9,6 миллионнан аспайтын 300 пәтерге 2,880 млрд. теңге қаражат бөлінді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.