Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

0 117

Құрметті қала тұрғындары! Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Аталған қызмет тегін көрсетіледі.

Қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметі алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өтінішті жолдайды. Қызметтің көрсетілу мерзімі 8 жұмыс күнін құрайды және қызметтің көрсетілу нысаны баламалы түрде, яғни электронды (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
– «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
– өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
– отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
– жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
– балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
– банктік шоты;
– тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
– коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
– телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
– жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
2) Порталға:
– мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
– отбасының кірісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
– жұмыс орнынан анықтаманың немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
– балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
– банктік шотының электрондық көшірмесі;
– тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;
– коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;
– телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
– жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.
Қызметтің қорытындысы, яғни қызмет көрсетілгені немесе бас тартылғаны туралы ақпарат Мемлекеттік корпорацияға немесе әр азаматтың «Электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне хабарландыру ретінде келіп түседі.
Осы заңдарға сілтемені төменде көрсетілген QR-кодты сканерлеу арқылы толық көре аласыздар.

А.АЛИМБЕТОВА,
Тараз қаласы әкімі аппаратының
мемлекеттік көрсетілетін қызметті мониторингілеу
бөлімшесінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.