Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Түнгі көбелектер» тұсауланды

0 160

Облыс аумағында адам саудасы, бас бостандығынан заңсыз айыру, жезөкшелікпен айналысуға тарту, притондар мен жеңгетайлық деректерінің алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ анықтауға бағытталған «STOP-трафик!» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.

Жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері Тараз қаласының сауықтыру кешендерінің бірінде жезөкшелікпен айналысу мақсатында притонды ұйымдастырумен және оны ұстаумен айналысқан облыс орталығының 38 жастағы азаматшасын анықтап, ұстады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады.

Ақшалай қаражат түріндегі заттай дәлелдемелер және келушілерді есепке алу журналы алынып отыр. Сонымен қатар полиция бөлімдеріне 18 жеңіл жүрісті қыздар жеткізіліп, барлығы дактилоскопиядан өтіп, профилактикалық есепке қойылып отыр. Сондай-ақ полицейлер қоғамдық орындарда тиісудің 11 дерегін тіркеді. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.