Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұман, дауыл: жеті облысқа ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0 126

Синоптиктер Қазақстанның жеті облысына дауылды ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, 12 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында, шығысында 15-20 м/с болады.

Петропавлда найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Күндіз батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ал Батыс Қазақстан облысында 37 градусқа дейін күн ысиды. Оралда күндіз қатты ыстық болады: +35 С.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, таулы аудандарда секундына 15-20 метр жылдамдықпен солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістанда 12 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан соққан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысында солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз облыс орталығында 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының солтүстік аумағында жұма күні күндіз қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Күндіз солтүстікте, батыста, облыс орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында секундына 15-20 метр жылдамдықпен солтүстік-батыстан жел соғады.

Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі бар. Семейде найзағай ойнайды деп күтіледі.

Ақтөбе облысының шығысында да найзағай жарқылдайды. Облыстың оңтүстік жартысында күндіз қатты ыстық болады: +35…+36 градус.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.