Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Түйте» каналының бойы адам танымастай өзгереді

0 361
Бүгінде қаланың ирригациялық жүйесін жақсартуға барынша ден қойылуда. Бұл бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Аталған жұмыстар қаланың шырайын ашып қана қоймай, су тасқыны қатерінің алдын алуға да септігін тигізетіні сөзсіз.
Айталық, биыл шаһар аумағындағы 6 ирригациялық және 2 дренаж каналын механикалық тазалауға қала бюджетінен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар қолға алынды. Осының нәтижесінде каналдар толығымен тазартылып, жаңа кейіпке енеді.
Сондай-ақ қазіргі таңда облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тікелей тапсырмасымен «Сенім Құрылыс Сервис» ЖШС мердігерлігімен «Түйте» каналының, атап айтқанда, «Ұлы Дала» шағын ауданы мен «Бурыл» алқабы ортасындағы бір бөлігіне абаттандыру жұмыстары жүруде. Каналдың абаттандырылатын бөлігі 1738 метрді құрайды. Осылайша, жаңғырған каналдың бойы тұрғындардың сейілдеуіне таптырмас демалыс орнына айналмақ.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.