Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Ұсыныс – сізден, қаржы – қазынадан

0 60

Қазіргі таңда қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту және қоғамдық кеңістіктерді тиімді дамыту мәселелері күн тәртібінен түскен емес. Осы бағытта тұрғындардың тікелей қатысуымен жүзеге асатын бастамалардың маңызы айрықша.

Халықтың ұсынысы мен пікірін ескере отырып, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін «Халық қатысатын бюджет» жобасы – тұрғындар мен жергілікті билік арасындағы ашық әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың нақты көрінісі. Аталған жоба аясында қала тұрғындары өз аумағын көркейтуге, ортақ пайдаланылатын кеңістіктерді дамытуға және өзекті мәселелердің шешілуіне тікелей үлес қоса алады.
Қазіргі таңда жобаға өтінімдер қабылдау басталды. Ережеге сәйкес, тұрғындар әкімдіктің ресми сайты арқылы төмендегі бағыттар бойынша өз ұсыныстарын жолдай алады:
– тротуарларды салу және абаттандыру, автотұрақ орындарын кеңейту немесе қысқарту, бордюрлар мен жол жиектерін ауыстыру және орнату;
– тасты жабындарды ауыстыру және қалпына келтіру;
– мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустар орнату;
– ішкі жолдардағы шұңқырларды жөндеу;
– жол кедергілерін орнату;
– ішкі жол белгілерін орнату және жол таңбаларын салу;
– қоқыс контейнері алаңшаларын орнату және жөндеу;
– аумақтарды көгалдандыру;

Тараз қаласы әкімдігі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.