Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – заман талабы

0 1  148

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – Қазақстан дамуының басты факторы, мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі және ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің міндетті шарты болып отыр.

2015-2025 жылдары Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет стратегиясын іске асыру үшін, 2018-2020 жылдарының іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №309 қаулысы қабылданып, қолданыста болып табылады. Осы бағыттағы жұмысты жоспарлы жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің (әрі қарай – Департамент) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар кестесі әзірленді.
Департаментте жыл сайын сыбайлас жемқорлық құбылыстарының алдын алу бойынша жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін «қауіп-қатер» тобына қатысты қызметкерлерді анықтау бойынша жұмыстар ұйымдастырылып, «қауіп-қатер» тобына қатысты тұлғаларды тыңдау кестесі әзірленіп, бекітіледі. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында департамент қызметкерлеріне құқықтық оқыту (жиналыстар) ұйымдастырылып отырады.
Департамент қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарына басшылықтың және құқық қорғау органдарының назарына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаудың ықтимал жағдайы туралы жеткізу міндеттемесі енгізілген.
Департамент басшылығы өткізген жиналыстардың күн тәртібінде қаралған мәселелермен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қарсы іс-қимыл және оны болдырмау мәселелерін департамент қызметкерлеріне тұрақты түрде ескертіп отырады.
Сонымен қатар департаменттің мемлекеттік қадағалау жүргізуге қатысатын инспекторлық құрамына әр тексеруге шығар алдында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңының және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын қатаң сақтау туралы тиісті нұсқаулық жүргізіліп, әр инспектордың қолы қойылған нұсқаулық хаттама рәсімделеді.
Қазіргі таңда департамент заң талаптары аясында жұмыс жасап келеді. Алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының заңдылықтарының толық сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерге қарсы ымырасыз күрес жүргізуіне ықпал ету мақсатында жұмыстар жүргізіліп, өз жалғасын табатын болады.

М.Айдарова,
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің
Жамбыл облысы бойынша департаментінің тау-кен өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.