Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» республикалық конкурсы басталды

0 491

«AMANAT» партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің 2022 жылғы 12 сәуірдегі №001-03 Қаулысына сәйкес 25 сәуір мен    20 қазан аралығында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» республикалық конкурстары «Үздік қысқаша мотивациялық бейнеролик», «Үздік сурет/плакат» және «Үздік журналистік зерттеу» бағыттары бойынша өткізіледі.

«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» республикалық конкурсы

 «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» конкурсына кез-келген азамат қатыса алады.

Конкурстық жұмыстың тақырыбы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әртүрлі бағыттарын қозғап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу тәсілдерін, сыбайлас жемқорлық көріністерінің орын алу себептерін талдауды, сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілікті қалыптастыратын жалпылама қабылданған моральдық нормаларды насихаттауды қамтуы тиіс.

Конкурстық жұмыстар сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының тарихи аспектілерін талдауды, халықаралық тәжірибені ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәсілдерін, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне деген төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған байқау жұмысы авторының белсенді азаматтық ұстанымы туралы ақпаратты және сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою бойынша азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының конструктивтік ұсыныстары мен бастамаларын қамтуы мүмкін.

 

«Үздік қысқаша мотивациялық бейне» конкурстық жұмыстарына қойылатын талаптар:

1) Конкурсқа қатысу үшін қатаң түрде берілген тақырып бойынша бейнеролик дайындау қажет;

2) жұмыс, оның мазмұны, сюжеті, сахналық тұлғалардың және кейіпкерлердің әрекеті Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы болмауы қажет;

3) ұсынылған конкурс жұмыстарында жалған мәліметтерді пайдалануға рұқсат етілмейді;

4) бөтен бейнеграфикалық материалдарды, мәтіндерді, дизайн идеяларын толықтай және ішінара пайдалануға (уақытша пайдалануға) тыйым салынады. Бейнелер дұрыс қамтылуы қажет, онда жағымсыз лексика немесе ымдау цензурасы, зорлық көріністердің болмауы, сондай-ақ ұлтаралық және діни өшпенділікті тудырмауы қажет;

5) суреттердің, бейнелердің, соның ішінде дыбыстық үйлесімділікпен немесе оларсыз дәйектілігінің ұзақтығы 60 секундтан аспауы тиіс;

6) бейнежазбалар конкурсқа қатысушылардың TikTok, Instagram парақшаларында немесе әлеуметтік желілердегі танымал қауымдастықтарда (TikTok, Instagram және басқа) сипаттамада бейненің авторын міндетті түрде көрсете отырып жариялануы тиіс.

Өтінімге:

1) қағаз немесе сканерленген көшірме түрінде конкурс жұмысының мазмұны мен жұмыстың техникалық сипаттамалары, автордың аты-жөні және байланыс ақпараты көрсетілген қысқаша сипаттама қоса беріледі;

2) конкурстық жұмыс бейнефайлдар форматында (хронометражы 60 секундтан аспайтын) электрондық пошта арқылы ұсынылады немесе әлеуметтік желілерде («TikTok», «Instagram» т.б.) жарияланған бейнежазбалардың беттеріне сілтемелер жіберіледі.

«Үздік мақала», «Үздік журналистік зерттеу» конкурстық жұмыстарына қойылатын талаптар:

1) Конкурсқа қатысу үшін журналистік зерттеуге материалдарды, мақалаларды (2022 жылдың қаңтарынан бастап конкурстың аяқталу күніне дейін жарияланған және эфирге шығатын жарияланымдар мен хабарлар циклдері) қатаң түрде берілген тақырып бойынша дайындау қажет;

2) жұмыс, оның мазмұны, сюжеті, сахналық тұлғалардың және кейіпкерлердің әрекеті Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы болмауы қажет;

3) ұсынылған конкурс жұмыстарында жалған мәліметтерді пайдалануға рұқсат етілмейді;

4) бөтен бейнеграфикалық материалдарды, мәтіндерді, дизайн идеяларын толықтай және ішінара пайдалануға (уақытша пайдалануға)  рұқсат етілмейді. Бейнелер дұрыс қамтылуы қажет, онда жағымсыз лексика немесе ымдау цензурасы, зорлық көріністердің болмауы, сондай-ақ ұлтаралық және діни өшпенділікті тудырмауы қажет;

5) журналистік зерттеу материалдары, мақалалар конкурсқа қатысушылардың әлеуметтік парақшаларында немесе әлеуметтік желілердегі, интернет-сайттардағы, электрондық бұқаралық ақпарат құралдарындағы танымал қауымдастықтарда сипаттамада бейнероликтің авторын көрсете отырып, жариялануы тиіс.

Өтінімге:

1) жарияланымдар материалдың түпнұсқасында немесе көшірмесінде ұсынылуы тиіс;

2) қағаз немесе сканерленген көшірме түрінде конкурс жұмысының мазмұны мен жұмыстың техникалық сипаттамалары, автордың аты-жөні және байланыс ақпараты көрсетілген қысқаша сипаттама қоса беріледі;

3) конкурстық жұмыс бейне/аудио файлдар форматында қолма-қол немесе электрондық пошта арқылы ұсынылады немесе әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда жарияланған материалдардың беттеріне сілтемелер жіберіледі.

«Үздік сурет/плакат» конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар:

1) байқауға қатысу үшін берілген тақырып бойынша қолмен жазылған бейнені дайындау қажет;

2) қатысушыдан өз қолымен жасалған жұмыс А3 форматындағы парақта ұсынылады және авторлық болуы тиіс;

3) сахналық адамдар мен кейіпкерлердің жұмысы, оның мазмұны, сюжеті, іс-әрекеті Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуге тиіс;

4) ұсынылған конкурс жұмыстарында жалған мәліметтерді пайдалануға рұқсат етілмейді;

5) бөтен бейнеграфикалық материалдарды, мәтіндерді, дизайн идеяларын толықтай және ішінара пайдалануға (уақытша пайдалануға)  рұқсат етілмейді. Бейнелер дұрыс қамтылуы қажет, онда жағымсыз лексика немесе ымдау цензурасы, зорлық көріністердің болмауы, сондай-ақ ұлтаралық және діни өшпенділікті тудырмауы қажет;

2Барлық материалдар пошта байланысы арқылы жіберіледі. Конкурсқа қатысуға өтінім осы Ереженің қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес беріледі.

Өтінімге:

1) қағаз түрінде конкурс жұмысының мазмұны мен жұмыстың техникалық сипаттамалары, автордың аты-жөні және байланыс ақпараты көрсетілген қысқаша сипаттама қоса беріледі;

2) конкурс жұмысы AVI, FLV форматында CD/DVD дискілерінде ұсынылады (хронометраж 45 секундтан аспайтын) немесе электрондық почтаға жолданады.

 

Конкурсқа қатысу үшін өтінім төменде көрсетілген нысанға сәйкес беріледі:

 

ҚАТЫСУШЫНЫҢ ӨТІНІМІ

Аты-жөні немесе  ұйымның атауы  
Туған күні  
Тұрғылықты жерінің мекен-жайы, телефон, е-mail.  
Жұмыс орны (лауазымы), білім беру мекемесінің атауы (курс)  

 

Конкурс шарттарымен таныстым және келісемін. Автор ретінде конкурс жұмысын өтеусіз негізде коммерциялық емес мақсаттарда Интернет желісінде орналастыруға, оны Қазақстан Республикасының аумағындағы теле- және радиобағдарламаларында және сыртқы жарнама тасығыштарда пайдалануға, сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға қарсы емеспін.

 

«AMANAT» партиясы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің 12 сәуір 2022 жылғы №001-03 Қаулысына сәйкес, 25 сәуір мен 20 қазан аралығында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» республикалық конкурстары «Үздік қысқаша мотивациялық бейнеролик», «Үздік сурет/плакат» және «Үздік журналистік зерттеу» бағыттары бойынша өткізіледі.  Конкурстың ережесі қосымша жарияланатын болады.

С 25 апреля по 20 октября 2022 года состоится Республиканские конкурс «Будущее без коррупции»  по следующим направлениям – «Лучшее короткое мотивационное видео», «Лучший рисунок/плакат» и «Лучшее журналистское расследование» согласно Постановлению №001-03 от 12 апреля 2022 года Республиканского общественного совета по развитию государтсвенного управления и противодействию коррупции при партии «AMANAT». Положение о конкурсе опубликуется дополнительно.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.