Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл үздіксіз үдеріс

0 2  278

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылады.

Осы аталған саладағы қабылданған заңнамалардың басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, осыған байланысты құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді тиісті жауапқа тартумен қатар, демократиялық негіздерді, мемлекеттік басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімдерін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталғаны жөнінде атап өту қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері – кез келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқа да шаралар қолданылуда.
Соңғы уақытта Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың тамырын шабуға бағытталған көптеген нәтижелі жұмыстар атқарылып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл үздіксіз процесс. Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жауаптылық нормаларының қолданылмауы, абсолютті көрсеткіш болып табылмайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің болмауы сыбайлас жемқорлықтың өзінің болмауымен бірдей. Сыбайлас жемқорлықтың тамырына үңілгенде, бұл мәселеден шығудың жолы жоқ деген сезім тумауы керек.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қолданылатын әлеуметтік-құқықтық бақылау шараларын әрекет ету механизміне байланысты тағы екі топқа бөлуге болады: бұлар – бақылаушы субъектілерінің билік ету өкілеттігі және оларға міндеттерін хабарлайтын, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына объективті түрде қысым жасамайтын бақыланушы жеке және заңды тұлғалар. Осындай шараларға әртүрлі құқықтық нысандарда айтылған бақылаушы құрылымдардың қажетті ақпаратты алуына, ұсынылған мәліметтердің жалған еместігін тексеруі мысал бола алады.
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес шаралары күшейтіліп келе жатқандығын айта кету керек. Соның ішінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы Заңдар қабылданды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылған екі заңда әлеуметтік-құқықтық бақылауға көп назар аударылған. Мысалы, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде азамат салық қызметі органдарына кірістері және өзінің жекеменшік құқығына жататын, салық салу объектісі болып табылатын мүлігі туралы мәлімет ұсынуы тиіс. Осы баптың 4-бөлімінде әкімшілік мемлекеттік қызметті тек арнайы тексеруден өткеннен кейін ғана атқаруға болатындығы туралы айтылған. Көрсетілген заңда мемлекеттік қызметке келуге байланысты шектеулер қарастырылған. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларына жол бермеу.
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – қоғам мен мемлекеттің қылмыстық сипат алуы сияқты қауіпті ұғым. Оның жоғары деңгейдегі қоғамдық қауіптілігі ол мемлекеттіліктің негізін құлдыратып, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді. Сыбайлас жемқорлық бүкіләлемдік проблема. Сондықтан оның кез келген түрлерімен аяусыз күресіп, түп-тамырымен жойған дұрыс.

Б.Тлеубекқызы,
«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша
филиалы Тараз қалалық АХАТ бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.