Қалалық қоғамдық-саяси газет

Суару маусымы кестеге сай өтуде

0 276

Ағымдағы жылдың вегетациялық кезеңіне облыс аумағында орналасқан су қоймаларында судың жинақталуы кестеге сәйкес жүргізілді. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

– Атап айтқанда, коммуналдық теңгеріміндегі 113 су қоймада суару кезеңінің алдында 99,8 миллион текше су жиналды. Ал, республикалық меншіктегі су қоймаларда жиналған судың көлемі 724 миллион текшені құрады.  Сонымен қатар, облысқа қарасты Қырғыз Республикасында орналасқан «Киров» су қоймасында 467,7 миллион, «Орто-Токой» су қоймасында 438 миллион текше су бар.

 Аталған су қоймаларында жинақталған судың көлемі Қазақстан үшін Қырғыз Республикасымен Талас өзені бойынша 380 миллион, Шу өзені бойынша 180 миллион текше көлемінде су алу жөніндегі келісімге келуге мүмкіндік берді. Осылайша облыста суару маусымы сәуір айының 3-ші онкүндігінде басталып, қазіргі уақытта штаттық кестеге сай өтіп жатыр, – деді Әбілхайыр Ғалымұлы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.