Қалалық қоғамдық-саяси газет

Су жүйелеріне геосинтетикалық бетон пайдаланылады

0 722

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Байзақ ауданындағы Белқожа каналын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Ұзындығы 19,46 шақырымды құрайтын каналдың 13,5 шақырымы бойынша жұмыстар аяқталған. Қалған бөлігіндегі бетондау жұмыстары жалғасуда.
Канал арқылы 3 790 гектар алқап сумен қамтылады.
CCX™ компаниясы өкілдері аумақ басшысына каналда геосинтетикалық бетон төсемдерін төсеу бойынша өз жобаларын ұсынды. Жаңа төсемді компания сынақ ретінде 50 метр ұзындыққа төсеп тексеруде. Ол су ағынын жеделдетіп, шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
Инвестор облыста геосинтетикалық бетон төсемін шығаратын зауыт салуға да ниетті.
Облыс әкімі өз сөзінде бұл жобаны қолдайтынын атап өтіп, оның жан-жақты мүмкіндіктерін зерделеу үшін тиісті тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді. Сондай-ақ аймақ басшысы геосинтетикалық бетон төсемін Т.Рысқұлов ауданында пайдаланып көру бойынша да тиісті тапсырмалар берді.
Бұдан соң Нұржан Нұржігітов «Байжанова Н.» шаруа қожалығының жалпы 60 гектардағы қант қызылшасы мен жүгері алқабын көрді.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.