Су айдындарында қаза болу жағдайларының негізгі себебі – балалардың ересектердің қарауынсыз қалуы салдарынан және жабдықталмаған немесе тыйым салынған жерлерде шомылу, балық аулау кезінде және алкогольдік масаң күйде суға түсу.
Қала және облыс аумағында көптеген «Су қауіпсіздігі» бойынша өткізіліп отырған іс-шараларға қарамастан күннен күнге тыйым салынған және аса қауіпті орындарда шомылу деректері көбеюде.
Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге суға шомылуға тыйым салынған орындарда рейдтік іс-шараларды жүргізді. Шара барысында қызметкерлер демалушыларға шомылуға тыйым салынған орындар туралы, қала аумағында арнайы демалыс аймақтарын белгілеу туралы, демалушылардың қауіпсіздігіне ата-аналардың тікелей жауап беретіндігі туралы жеткізді. Сонымен қатар, кеше және алдағы күндері жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып күнделікті рейд жұмыстарын жүргізу кезінде полиция қызметкерлерімен суға шомылуға тыйым салынған жерде, сонымен қатар су айдындарында алкогольдык ішімдікті қолдану бойынша «Әкімішілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 440-бабы және 364-бабына сәйкес әкімшілік практиканы қолдану бойынша халықтың арасында жұмыстарды жүргізу бастады. Яғни тыйым салынған жерлерде шомылу немесе су айдындарында алкогольдык ішімдікті қолданғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.
Халық арасында әлеуметтік желі бойынша барынша хабардар ету үшін аталған профилактикалық іс шараға қаламыздың қоғамдық блогерлері де ат салысты.
Айта кеткен жөн, жазғы маусымда суға кетіп қаза болу жағдайларының алдын алуға бағытталған іс-шаралар шомылу маусымының соңына дейін жалғасады.
Данияр Келіс,
Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасының офицері