Қалалық қоғамдық-саяси газет

Суға батып кеткен Махамбет ауданы әкімінің денесі табылмай жатыр

0 781

Махамбет ауданының әкімі Ринат Джанглишов суға батып, көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында болған. Әкімнің жанында адам болған-болмағаны белгісіз. Ринат Джанглишов суға түсуге болмайтын жерде шомылған.

Денесі әлі табылған жоқ.

«2022 жылдың 31 шілдесінде сағат 22:38-де Махамбет ауданы бойынша ТЖД кезекшісінен хабарлама келіп түсті. Ол Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында Жайық өзенінде белгісіз жағдайда 1982 жылы туған аудан әкімі суға батып кеткенін хабарлады. Оқиға орнына Атырау қаласынан Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының 3 құтқарушысы мен техникасы жөнелтілді», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.