Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Үстімдегі киім 20 келі»: Актер атанған Жігер Ауыпбаев кинодағы қиындықтар туралы айтты

0 449

Жуырда отандық телехикаяға түскен Жігер Ауыпбаев түсірілім алаңында кездесетін қиындықтар туралы айтты. Ол сериалға дейін Ақан Сатаевтың тарихи фильміне түскенін, онда батырдың рөлін сомдау үшін салмағы 20 келі болатын киімді киюге мәжбүр болғанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«“Троя” фильмі деп ойлап қалмаңыздар. Қырып жатқан мен ғой.
Менің кәсіби кино әлеміне алғашқы қадамым @akansatayev ағамыздың Қасым Ханның қасқа жолының желісімен түсірген “Ұлы Дала Таңы” атты тарихи фильмі болды.

Бала күнімде ауылда таяқтан қылыш, шыбықты иіп садақ жасап, жиі ойнағанымның пайдасын осы фильмге түскенде көрдім.
Бірақ таңқалғаным, кезіндегі батыр бабаларымыз үстілеріне зілдей қорғасын сауыт киіп алып темір дулыға, алмас қылыштарды ауырсынбай қалай соғысты екен?!

Видеода менің үстімде кемінде 20 кг», – деп жазды Ауыпбаев желідегі парақшасында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.