Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»

0 416

Білім саласын қаржыландыру жыл сайын артып келеді. Ағымдағы жылы  бұл салаға бюджеттен 69 млрд 801 млн 034 мың теңге қаражат бөлінді.

Қаламызда 140 мыңнан астам бала бар. Бұл қала тұрғындарының 32% құрайды.

Ағымдағы жылы «Арай» және «Казарма» алқаптары мен «Ұлы дала» мөлтекауданында 4 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның екеуі жыл соңына дейін берілмек. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» жобасы аясында  ағымдағы жылы 4 мектептің құрылысы басталады.

7 мектеп пен 1 балабақша ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатта бюджеттен                                       2 млрд 116 млн 894 мың тг  қаражат жұмсалды.

2027 жылға дейін тағы 10 мектеп жөндеуден өтеді деп жоспарланып отыр.

Тәрбие мәселесін күшейте отырып кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу, білім сапасын көтеру бағытында біршама жұмыстар атқарылды.

Атқарылған жұмыс аз емес, бірақ алдағы оқу жылына қойылатын міндеттер одан да көп.

Республикалық тамыз кеңесі аясында, былтырғы оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен мұғалімдер марапатталды.

Үздіктерге алғыс хатты қала әкімі Бақытжан Орынбеков табыс етті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.