Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады

0 643

Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Осы орайда «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы 2022 жылдың наурыз бен қазан айы аралығында мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдары үшін бейнесабақтар мен бейнедәрістердің жыл сайынғы республикалық конкурсын өткізетіндігін хабарлайды.
Конкурстың мақсаты: бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.
Конкурс төмендегідей бағыттарды қамтиды:
– мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы заманауи білім беру технологиялары;
– орта білім беруді оқытудағы заманауи білім беру технологиялары;
– техникалық және кәсіптік оқытудағы заманауи білім беру технологиялары;
– жоғары білімді оқытудағы заманауи білім беру технологиялары;
– қосымша білім беруді оқытудағы заманауи білім беру технологиялары.
Конкурстың тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Конкурсқа педагогтар жеке және шығармашылық ұжымдарда да қатысуға құқылы.
Байқауға қатысу тәртібі, конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар және бағалау критерийлері конкурс Ережесінде айқындалған.
Конкурсқа ведомстволық бағыныстылығына, меншік түріне және нысанына қарамастан білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері жиырма екі номинация бойынша қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар бейнежазбаларын 2022 жылдың 14 наурыз бен 30 қазан аралығында ppi2022@mail.ru электронды поштасына жіберу керек.
Жүлделі орындар әрбір тақырыптық бағыттар үшін анықталады (1,2,3 орындар жиырма екі аталымға берілетін болады). Өңірлік және республикалық кезеңдер конкурсына барлық қатысушылар мен олардың жетекшілері марапаттау құжаттарын алады (Қатысу сертификаттары немесе 1,2,3 дәрежедегі жеңімпаз дипломдары).
Конкурсқа қатысты барлық сұрақтар бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының мекенжайы: Тараз қ. Төле би даңғылы, 69/А, 205 каб. Байланыс нөмірі: 8 (7262) 546181
Қажетті құжаттар:
• Конкурс ережесі 2022 жыл;
• Өтінім үлгісі;
• Номинациялар;
• Бейнематериал картасы.
Байқау жеңімпаздарының тәжірибелері табысты идея ретінде республика көлемінде таратылатын болады. Үздік педагогикалық идеясымен бөлісуге облыс педагогтарын шақырамыз!

Бибі Арғынбайқызы,
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының ЖГПОӘ
кафедрасының аға оқытушысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.