Қалалық қоғамдық-саяси газет

Спортты дамытудың жаңа стратегиясы әзірленеді

0 539

 Елімізде бұқаралық спортты дамытудың жаңа стратегиясы әзірленеді.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде «Қазақстан спортын трансформациялау» жобасының жетекшісі айтты. Қамбар Омаров «Трансформация бойынша жобалық кеңсе» бұдан былай спортты түрлендіруге жауапты болады деді. Сонымен қатар кеңсе Ұлттық Олимпиада комитетімен, Ұлттық Паралимпиада комитетімен, федерациялармен өзара байланыста болады.

Мұнымен қоса, жобалар топтамасы құрылып, басқару жүйесі жетілдіріледі. Трансформация бойынша топ жеті стратегиялық бағытты белгілеген. Біріншісі – балалар спортын дамыту.  Екіншісі – басқару жүйесінің трансформациясы болса, үшіншісі – кадрлық саясатты жетілдіру. Ал төртінші бағыт – заңнамалық реттеу. Бесіншісі – спортшыларды медициналық-биологиялық тұрғыда қамтамасыз ету. Ал спорттық инфрақұрылымды дамыту алтыншы басымдық. Соңғысы – халықаралық ынтымақтастық. Осының әрбіріне жол картасы әзірленеді.

nege.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.