Қалалық қоғамдық-саяси газет

Спорт нысандары – ел игілігіне

0 1  325

Қала тұрғындарының спортпен жүйелі түрде айналысуы үшін Тараз қаласында жалпы қолжетімді 665 спорт нысаны жұмыс істейді. Айталық, 2023 жылы облыс орталығында жеке қаражат есебінен 10 жаңа спорт нысаны салынды.

Олар:
1) 4 баскетбол алаңы және 1 әмбебап өлшемі 20х35 метр алаң, 1 стрит воркаут алаңы («Ұлы дала» (15) мөлтекауданы №31, №19/6, №2000/3, №998, Жүсіп М. №3, 5 үйлердің ауласында);
2) Абай даңғылы №123 үйдің ауласында көше тренажерлары мен стрит воркаут алаңы;
3) 1 маусымда «Қаратау» (2) шағынауданында балалар футболын дамыту қоғамдық қорының қаражаты есебінен №29, 30, 31, 33 үйлердің ауласында шағын футбол алаңының ашылуы өтті;
4) А.Пушкин көшесі №157 мекенжайында орналасқан «Жаңажай» тұрғын үй кешені ауласында шағын футбол алаңы мен стрит воркаут алаңы;
5) «Талас» (6) мөлтекауданы №28 «В» мекенжайындағы «Khan» фитнес клубы.
Қалалық бюджет қаражаты есебінен 5 аулада шағын футбол алаңы пайдалануға берілді. Олар – №15 ықшамауданы №35 үйдің ауласында, Д.Менделеев көшесінің 3-бұрылысы, №13 үйдің ауласында, Қапал көшесінің 4-бұрылысы, №2 «Б» үйдің ауласында, Е.Ниетқалиев көшесі, №9, Өзбек көшесінің 3-бұрылысында орналасқан.
Ағымдағы жылы Тараз қаласында спорт нысандарының құрылысы бойынша жергілікті бюджет есебінен 2024 жылы салынуы жоспарланған 9 шағын футбол алаңшасының 8-нің (Лукманов көшесінің бойы, «Солнечный», «Химик», «Ветеран», «Бурыл», «Қайнар» алқаптары, «Қарасу» және «Самал» мөлтекаудандары) құрылысы басталды. Сонымен қатар бүгінгі күнге облыс орталығында жеке қаражат есебінен 3 жаңа спорт нысаны ашылды.
1) «Тараз Смер» ЖШС қаражаты есебінен «Ұлы дала» (15) м/а, № 1130 үйдің ауласында өлшемі 16х35 метрді құрайтын шағын футбол алаңшасы;
2) «Бином» ЖШС қаражаты есебінен «Қарасу» (5) м/а, №21, 22 «А» үйлерінің ауласында өлшемі 18х35 метрді құрайтын шағын футбол алаңшасы;
3) С.Нұрмағамбетов көшесі, №12/1 мекенжайы бойынша ауданы 130 шаршы метрлік бокс залы ашылды.
Ағымдағы жылы «Құмшағал» алқабындағы спорт кешеннің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Аталған спорт кешенінің ішінен Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Балалар мен жасөспірімдердің дене дайындығы клубы» КММ ашылды. Қазіргі таңда спорт клубында 6 спорт түрі бойынша 7 жаттықтырушы 504 баланы жаттықтыруда.
Шағын футбол алаңшаларының ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша облыстық қаражат есебінен 1 алаңшаның (Прибалхаш және Қостанай көшелерінің қиылысы, №21 ОМ маңы) және қалалық қаражат есебінен 4 шағын футбол алаңшасын («Аса» м/а №19 үйдің ауласы, «Астана» м/а №23/26 үйлерінің ауласы, Қазыбек би көшесі, №143 үйдің ауласы, Төле би көшесі, №31 «А» үйдің ауласы) қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстары басталды.

Оксана Борисюк,
Тараз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.