Қалалық қоғамдық-саяси газет

Спорт күні: Тұрғындар арасындағы турнир

0 370

Спорт күніне орай Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта 2013-2014 жылы туған балалар арасында кіші футболдан, жастар арасында стритболдан, дене мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында шахмат және дойбыдан, қала тұрғындары арасында асық ату және ләңгіден турнир өтті.

Салтанатты шараның ашылуына қала әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаил, орынбасары Бақдәулет Сариев қатысты.
500-ден астам адам бақ сынаған жарыс барысында бірқатар азамат спорттың дамуына, қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын белсенді насихаттап, дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылдануға тартудағы қосқан елеулі үлесі үшін Тараз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталады.
Турнир нәтижесі бойынша кіші футболдан І орынды «Хет-трик» командасы иеленсе, ІІ орынды «Регион-2», ІІІ орынды «Регион-1» командалары олжалады. Ал стритболдан І орынды «Понаехали», ІІ орынды «Колобки», ІІІ орынды «Эойбой» командалары еншіледі. Шахматтан Ермек Атакузиев І орын, Бахтияр Истаев ІІ орын, Евгений Ни ІІІ орынға қол жеткізді. Дойбыдан әйелдер арасында Зульфия Габидуллина І орынды иемденсе, ІІ орын Айдана Изтлеуге, ІІІ орын Людмила Антоненкоға бұйырды. Ал ләңгі тебуден І орынды Абылай Абдумалик иеленсе, Самат Тулешов ІІ, Марат Төкеш ІІІ орынды місе тұтты.
Осы күні сондай-ақ «Құралайды көзге атқан» атты тир атудан жастар мен жасөпірімдер арасында сайыс ұйымдастырылды. Сайыс барысында қатысушылар өздерінің мергендігімен сынға түсіп, нысаналарға дәл тигізіп, көп ұпай жинаған қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан түрлі ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Құрбанәлі Шахабай 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.