Қалалық қоғамдық-саяси газет

Спорт алаңшалары қаңырап бос тұрмағаны жөн

0 506

Еліміз егемендік алған тұстан бастап-ақ бұқаралық спортты дамытуға барынша көңіл бөлініп келеді. Елбасымыз да, Мемлекет басшысы да өздерінің халыққа арнаған Жолдауларында осыған ерекше екпін түсіруде,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

«Nur Otan» партиясының бағдарламасында да бұқаралық спортты дамыту басты назарға алынған. Соның нәтижесінде Тараз қаласы мен аудандарда ілкімді істер қолға алынып, көптеген нысандар бой көтеруде. Материалдық-техникалық базасы мығым, заманауи спорт алаңдары халықтың жаппай салауатты өмір салтын қалыптастыруына жол ашуда. Десе де, қаланың шет жағында орналасқан алқаптарда, тұрғындар жаңадан қоныстанып жатқан ықшам аудандарда әлі де спорт алаңшаларының жетіспеушілігі байқалуда. Сондықтан жабық және ашық алаңшалардың санын арттырсақ, халықты бұқаралық спортқа тартудың бірден-бір тетігі сол болар еді.
Әйтсе де, қолданысқа берілген кейбір «street workout» сынды ойын алаңшаларының пайдаланылмай, бос тұрғанын да жиі көріп жүрміз. Ал олар құр тұрғаннан кейін тозады, бүлінеді, соңында жарамсыз болып қалады. Әрине, оларды көбейткен де жөн, бірақ әуелі тиімді пайдаланудың жолын қарастырған абзалырақ болар еді. Сол үшін қала басшылығы осы жағын ойластырып барып, олардың санына мән бергені жөн деп ойлаймын. Сондай-ақ аула алаңшаларының бос тұрмауы үшін бұл бағытта жастар басқармасы да үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгені абзал.

Батырбек Құлекеев,
Тараз қалалық мәслихатының хатшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.