Қалалық қоғамдық-саяси газет

«СOVID-19-ға қарсы вакциналардың өмірге қаупі дәлелденді»: Желідегі ақпарат жұртты шошытты

0 836

Қазнет қолданушылары COVID-19-ға қарсы вакциналардың өмірге қаупі жайлы видеоны қызу талқылауда. Бейнежазбада АҚШ армиясының подполковнигі Тереза Лонг сөз сөйлеген. Айтуынша, вакцинаның жанама әсерлері бақыланбайды, ал препараттар толық зерттелмеген. Сарбаздарды қорқытып, бопсалап, вакцина алуға мәжбүрлеген. Алайда бұл жалған ақпарат, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Тереза Лонг коронавирусқа қарсы вакциналар туралы жалған ақпараттармен танылған. Мәселен, ол мРНҚ препараттарының құрамында антифриз бар деп фейк таратқан. Кейін оның бұл сөзі жоққа шығарылды. Ал қазіргі уақытта таралып жатқан сөзінде бірнеше жалған ақпарат бар.

Біріншіден, ол вакциналардың небәрі екі ай зерттелгенін айтады. Негізінде зерттеулер төрт айға жалғасты. Сондай-ақ, фазалар кезектесіп емес, бір уақытта зерттеліп жатты.

Екіншіден, Тереза Лонг вакцинаның жанама әсерлерін ешкім бақыламайды, тергемейді, деді. Бұл да жалған. Әртүрлі елдерде жағымсыз әсерлерді бақылайтын жүйелер құрылған. АҚШ-та ол VAERS жүйесі. Ол жерде кез-келген адам хабарлама қалдыра алады. Жүйеге түскен әрбір ақпарат тексеріліп, тергеледі.

Үшіншіден, Лонгтың айтуынша, коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау Нюрнберг кодексін бұзады. Олай емес. Иммундау адамдардың келісімімен жүзеге асырылады және тәжірибе болып табылмайды. Ол адамдарға кесірін тигізу үшін емес, аурудан қорғау үшін керек. Тиісінше, COVID-19-ке қарсы вакцина кодексті бұзбайды.

Төртіншіден, сарбаздарды мәжбүрлі түрде вакциналағаны туралы ешқандай дәлел жоқ.  Қазіргі уақытта әскерилердің арасында егілмеген азаматтар бар. BBC мәліметінше, АҚШ сарбаздарының 88% ғана вакцина салдырған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.