Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сорғы станциясының құрылысы бірер күнде аяқталады

0 375

Биылғы қыс №15 «Ұлы дала» ықшамауданының тұрғындарына едәуір қиындық тудырды.

Бірқатар үйде жылу температурасының төмендеуіне байланысты тұрғындар тарапынан шағым түскен еді. Енді осы мәселені шешу үшін ықшамауданда сорғы станциясының құрылысы жүргізілуде.
«Строй Монтаж Group» ЖШС мердігерлігімен салынып жатқан нысанның жобалық қуаттылығы – 1600 м³/сағ. Техникалық қадағалаушысы – «Регион Сервис KZ» ЖШС, авторлық қадағалаушысы – «Құрылыс Инвест Жоба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков ықшамауданға арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Өз кезегінде шаһар басшысы құрылысты сапалы аяқтау керектігін баса айтып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Бірер күнде іске қосылатын станция «Ұлы дала» (15) ықшамауданының жылу ағымын реттеп, мәселені түбегейлі шешуге септігін тигізеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.