Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Соның кесірінен «камриімнен» айырылып қалдым»: Әуелбекова экс-күйеуіне қалай алданғанын айтты

0 248

Жуырда туған күнін атап өткен Мөлдір Әуелбекова қымбат көлікке ие болды. Instagram оқырмандары темір тұлпарды әншінің бұрынғы күйеуі сыйлады ма деген ойға келді. Әнші жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Көлікті бұрынғы жолдасыңыз алып берді ме?» – деген сауалға әнші:

«Керісінше бәрі. Қайта соның кесірінен қаншама тер төгіп жүріп, өзім алған «камриімнен» айырылып қалдым. Аллаға тапсырдым. Ондайларға басқа айтар сөз жоқ қой», – деп жауап берді.

Мөлдір осы уақытқа дейін қымбат сый жасайтындай жомарт адамды кездестірмегенін атап өтті.

«Маған ешкім ештеңе алып бермеді. Өмірімде ондай мәрт адамды кезіктіріп көрмеппін. Осы уақытқа дейін жеткен жетістігім өзімнің 18 жылдық еңбегім. Аллаға шүкір», – деді ол.

Сонымен қатар, әнші жеке өміріне қатысты сыр шертті.

«Артыңыздан жүрген жігіттер бар ма?» – деген сұраққа Әуелбекова:
«Көп, бірақ шанс жоқ», – деп қысқа қайырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.