Қалалық қоғамдық-саяси газет

Солтүстік Қазақстанда электр бағанына соғылған 19 жастағы скутерші қайтыс болды

0 478

Солтүстік Қазақстан облысында электр бағанына соғылған скутерші қайтыс болды деп хабарлайды «Zhambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап

Екі жігіт Тайынша аудан орталығында жол-көлік оқиғасына түскен. Қазанның 19-на қараған түні 19 жастағы жергілікті тұрғын «PEDA» скутерін басқарып келе жатып, рөлге ие бола алмай, электр тарату желісінің бағанына соғылған. Салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. 21 жастағы жолаушысы медициналық мекемеге жүгініп, көрсетілген көмектен соң, үйіне жіберілген. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.